Путин Навальныйды қолдаушылардың наразылық акциясы туралы сөз қозғады
Жарияланған күні:
Ресей президенті Владимир Путин 23 қаңтарда өткен оппозиционер Алексей Навальныйды қолдаушылардың наразылық акциясына қатысты пікір білдірді.
Путиннің сөзін РИА Новости басылымы жария еткен.
Ресей басшысының айтуынша, барлық адам өзінің көзқарасын білдіруге құқылы, бірақ тек заңды жолмен.
"Мен мұндай тақырыптарға қатысты бірнеше рет айқанмын және атап өткім келеді: барлық адам өз көзқарасын заңда көзделген шеңберде айтуға құқылы. Заңнан тыс кез-келген нәрсе тек кері әсер етпейді, сонымен қатар қауіпті", - дейді президент.
Сонымен бірге Путин кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге араластырмау керектігін атап өтті.
"Ешкім өзінің өршіл саяси мақсаттарын қорғау үшін заңды бұзуға бармауы керек. Саясатта бұлай жасалмайды", - дейді Путин.
Еске сала кетсек, Владимир Путин оппозиционер Алексей Навальныйдың атышулы фильміне қатысты алғаш рет пікір білдірген еді. Бейнежазбада Геленджикте орналасқан Ресей басшысының сарайы туралы айтылған.
Путинге оппозиционердің тексеруі туралы сұрақты президенттің Ресейдегі студенттер күніне орай білім алушылармен кездесуі кезінде студенттердің бірі қойған.
"Онда көрсетілгендердің ешбірі не маған, не менің туыстарыма тиесілі емес. Фильмнің өзін көрмедім, уақытым жоқ.
Бұл бұрыннан асыра сілтеліп келген, құрастырудың және азаматтардың миын жууға тырысудың ыңғайлы сәті түсті", - деп келтіреді РИА Новости Путиннің сөзін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895572-putin-navalnyjdy-koldausylardy-narazylyk-akciasy-turaly-sz-kozgady/