jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Іш пысарлық, қыздар": Путин Навальныйдың "сарай" туралы видеосына пікір білдірді

    Владимир Путин
    Владимир Путин. Фото: РИА Новости / Михаил Климентьев

    Ресей президенті Владимир Путин оппозиционер Алексей Навальныйдың атышулы фильміне қатысты алғаш рет пікір білдірді. Бейнежазбада Геленджикте орналасқан Ресей басшысының сарайы туралы айтылған.

    Путинге оппозиционердің тексеруі туралы сұрақты президенттің Ресейдегі студенттер күніне орай білім алушылармен кездесуі кезінде студенттердің бірі қойған.

    "Онда көрсетілгендердің ешбірі не маған, не менің туыстарыма тиесілі емес. Фильмнің өзін көрмедім, уақытым жоқ.

    Бұл бұрыннан асыра сілтеліп келген, құрастырудың және азаматтардың миын жууға тырысудың ыңғайлы сәті түсті", - деп келтіреді РИА Новости Путиннің сөзін.

    Life.ru басылымының жазуынша, Ресей басшысы фильмді монтаж және ойдан құрастырылған деп атап, "Двенадцать стульев" романындағы "Іш пысарлық, қыздар" деген дәйексөзді айтқан.

    Еске сала кетсек, Навальныйдың соңғы шыққан фильмі "Дворец для Путина. История самой большой взятки" деп аталады.

    "Бұл сарайды әлі дроннан ешкім көрген жоқ. Ол құпия, құпиялылығы соншалықты оны федералды күзет қызметі күзетеді... Бұл Ресейдегі ең үлкен жекеменшік үй. Оның аумағы 17,5 мың шаршы метрді құрайды", - делінген фильмде.

    Фильм шыға салысымен журналистер Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковпен хабарласқан. Ол сарай туралы ақпаратты жалған әрі ақпараттық шабуыл деп атаған.

    Айта кетейік, 23 қаңтарда Ресейде Навальныйдың жақтастары ұйымдастырған наразылық акциялары өтті.

    "Іш пысарлық, қыздар": Путин Навальныйдың "сарай" туралы видеосына пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.