Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алғаш рет АҚШ Қаржы министрлігін әйел адам басқарды

Опубликовано:

Джанет Йеллен
Джанет Йеллен. Фото: Andrew Harrer/Bloomberg via Getty Images

Джанет Йеллен АҚШ тарихындағы қаржы министрі атанған алғашқы әйел. Дүйсенбі күні сенаторлар оны аталмыш қызметке бекіткен деп хабарлайды CNN.

Қазынашылықтың басшысы ретінде оған президент Джо Байденнің 1,9 триллион долларлық "құтқару жоспарын" Конгресс арқылы басқарып, оның орындалуын қадағалау тапсырылады.

Жоспарға әрбір америкалыққа 1400 АҚШ доллары көлеміндегі төлемдер, жұмыссыздыққа байланысты төлемдер, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцинация мен тестілеуді қаржыландыруды арттыру кіреді.

"Дәл қазір пайыздық үстемелер тарихи минимумда тұрған кезде біз істей алатын ең ақылға қонымды нәрсе - үлкен қадамдар жасау", - деді ол сенаттың қаржы комитетіне.

Ол өзінің бірінші кезектегі міндеті ең мұқтаж жандарға, әсіресе экономикалық құлдыраудан ең көп зардап шеккен жұмысшылар мен әйелдерге көмектесу болатынын баса айтты.

2014 жылы ол Федералды резервті басқарған алғашқы әйел болды.

Еске сала кетсек, АҚШ президенті Барак Обама болып тұрған тұста (2014 жылы) Әсел Төленова АҚШ президенті протоколы бастығының орынбасары болған еді. Енді Әсел Робертстің қызметі өсіп, протокол басшысы міндетін атқарушы болып бекітілді.

Айта кетсек, протокол басшысы – Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік департаментінің лауазымды тұлғасы. Оның міндеті – АҚШ президенті, вице-президенті және мемлекеттік хатшысына мемлекеттік және халықаралық дипломатиялық протокол мәселелері бойынша кеңес беру.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895614-algas-ret-aks-karzy-ministrligin-jel-adam-baskardy/

pixel