Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Қайрат Нұрлыбаев
Қайрат Нұрлыбаев. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары болып Қайрат Нұрлыбаев тағайындалды. Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов жаңа орынбасарын жергілікті активке таныстырып, жұмысына табыс тіледі деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қайрат Нұрлыбаев жақында Атырау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланған Әлібек Нәутиевтің орнына тағайындалған.

Нұрлыбаев жаңа қызметіне дейін 2019 жылдың маусымынан бері Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарған.

"Қайрат Есқабылұлын білікті басшы, жұмыс тәжірибесі мол азамат ретінде осы лауазымға лайықты деп есептеймін және оған үлкен сенім артамын. Ал Әлібек Ибатоллаұлына Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін зор алғысымды білдіремін", – деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Айта кетейік, Қайрат Нұрлыбаев 1973 жылы 2 мамырда Атырау облысы Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында дүниеге келген.

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын "инженер-механик", Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатында аға референт ретінде бастаған.

1996-1997 жылдары Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы "Мұқыр" акционерлік қоғамында жөндеуші-техник болып жұмыс істеген.

1999 жылы Қызылқоға ауданының Мұқыр селолық округі әкімінің аппаратына маман болып кіріп, Қызылқоға ауданы Мұқыр селолық округінің әкімі, Қызылқоға ауданының коммуналдық меншік, көріктендіру, құрылыс және тұрғын-үй шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Кейін Құрманғазы ауданы Шортанбай селолық округінің әкімі, Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімінің, аталған ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы, сондай-ақ Мақаш селолық округінің әкімі болған.

2008-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2012-2019 жылдары аталған аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895748-atyrau-oblysy-kimini-zaa-orynbasary-tagajyndaldy/

pixel