Анатолий Шкарупа: Өзімнің кінәлі емес екенімді дәлелдеуге екі жарым жыл уақытым кетті
Жарияланған күні:
Энергетика экс-вице-министрі Анатолий Шкарупаны сот ақтады. Ақталып шыққан бұрынғы вице-министр сот үкіміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды КТК арнасы.
"Әу бастан-ақ тергеудің дұрыс, заң шеңберінде жүрмегенін мынадан көруге болады. Біз сот барысында тергеу жіберген кемшіліктерді көрсетіп 7 рет шағым түсірдік. Сол шағымдарымыздың барлығы қанағаттандырылды. Осыдан кейін мен басқа шешім шығатынына күмәнім боламады.
Тек өзімнің кінәлі емес екенімді дәлелдеуге екі жарым жыл уақытым кеткені өкінішті. Енді осы шешімді дауламауға тергеу органдарының ақылы жетеді деген үміттемін", - дейді Анатолий Шкарупа.
Айта кетейік, бюджеттің 104 миллион теңгесін жымқырды деп айыпталған экс-вице-министрмен қоса тағы екі кәсіпкерге тағылған айыптарды судья негізсіз деп тапты.
Айыпталушыларға шыққан үкімді түсіндірген судья ақталған үш азамат заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартқаны үшін әрі тергеу изоляторында өткізген айлары үшін тергеу органдарының үстінен сотқа жүгіне алатынын жеткізді.
Бір жылға созылған сот кезінде үш күдікті де үйқамақта болды.
Тергеу мәліметінше, 2015 жылы Саран қаласында әкім болған Анатолий Шкрупа "Тұрғынүй қоры" компаниясының төрағасы Қайсар Байдалы және кәсіпкер Ерлан Набиевпен бірлесе бюджеттің 214 миллион теңгесіне қол салған.
Сарандағы тұрғын үйлерге жылу есептегіш құралдар орнатуға бөлінген қаржының 104 миллион теңгесі жымқырылғанын айтып, жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тергеуге алған еді. Бірақ Анатолий Шакрупа бюджет қаржысы мақсатты жұмсалғанын айтудан жалықпады.
Өйткені есептеуіш құралдардың барлығы орнатылған екен. Миллиондаған қаржының талан-таражаға түскенін тергеушілер де дәлелдей алмады. Тіпті сотта сұралған куәгерлер де күдіктілірге қарсы дәйек келтірмеген.
Сондықтан судья бұл істе "қылмыс құрамы жоқ" деп, Анатолий Шкарупа мен кәсіпкерлерді ақтап шықты.
Дереккөз КТК арнасы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895813-anatolij-skarupa-zimni-kinli-emes-ekenimdi-dleldeuge-eki-zarym-zyl-uakytym-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.