RU

Бұрынғы вице-министр Анатолий Шкарупа ақталып шықты

Анатолий Шкарупа
Фото: Green Bridge

Қарағандыда бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақтау үкімі шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Энергетика бұрынғы вице-министрі Анатолий Шкарупаға қатысты бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жұмсады және жымқырды деп айыпталған қылмыстық істі қарау ақталумен аяқталды.

Қарағанды ​​қаласының Қазыбек би аудандық сотының судьясы оны кінәсіз деп тауып, оның оңалту құқығын мойындады.

Сонымен бірге судья "Тұрғын үй құрылысын дамыту қорының" бұрынғы төрағасы Қайсар Байдалыға және ENERCO компаниясының директоры Ерлан Нәбиевке де ақтау үкімін шығарды.

Одан бөлек судья "Тұрғын үй құрылысын дамыту қоры" талапкерінің шағымын қараусыз қалдырды.

Еске сала кетсек, Анатолий Шкарупаның тұтқындалғаны туралы ақпарат 2018 жылдың қараша айында жарияланған еді.

Кейінірек, Шкарупа президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, хат жазған болатын.

Оның қорғаушысының айтуынша, Шкарупа жазған хатында "елдегі соттардың азаматтардың жеке бас бостандығына конституциялық құқығын бұзуы" туралы дәлелдер келтірген.

Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы бұрынғы вице-министр Анатолий Шкарупаны орташа қауіпсіздік режиміндегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде 10 жылға, ал Қайсар Байдалы мен Ерлан Нәбиевті 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895667-bryngy-vice-ministr-anatolij-skarupa-aktalyp-sykty/