Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 5 вице-министрге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің онлайн отырысында Алик Шпекбаев Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке тартылған жетекшілердің санын айтты. Олардың қатарында әкімдер, судьялар, елшілер мен жауапты хатшылар да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 25 аса ауыр және 1 368 ауыр қылмыстың, сондай-ақ 112 жүйелі жемқорлық дерегінің жолын кескен.

Сотта ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактісі бойынша 4 іс қаралуда.

"Әртүрлі дәрежелі 210 жетекші қылмстық жауапкершілікке тартылды. 722 адам, соның ішінде бір облыс әкімі, 4 облыс әкімінің орынбасары, 2 жауапты хатшы, 2 комитет төрағасы, 1 елші, 5 судья, 10 аудан әкімі мен олардың орынбасарлары сотталды.

5 вице-министр, 5 комитет төрағасы мен олардың орынбасарына, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымның 5 топ-менеджеріне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр", - дейді Алик Шпекбаев.

Сонымен бірге ол "Астана LRT" құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша мердігерлік ұйымның жетекшілері мен лауазымды тұлғаларына қатысты іс сотқа берілгенін еске салды.

"СҚ-Фармация" бұрынғы басқарма төрағасына қатысты тергеу де аяқталған. БТА банкі ісі бойынша 12 млрд теңгеден астам шығын өндірілген.

Одан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпаратынша, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ басқармасының экс-төрағасына қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында 6,4 млрд теңге өндірілген.

Еске сала кетсек, Алик Шпекбаев қоластындағы қызметкер жемқорлық жасаса, оның басшысы лауазымынан бірден босатылатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1896349-kazakstanda-5-vice-ministrge-katysty-kylmystyk-is-karalyp-zatyr/

pixel