Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сооронбай Жээнбековтің елден "қашып кеткені" рас па: Баспасөз хатшысы сыбысқа жауап берді

Опубликовано:

Сооронбай Жээнбеков
Сооронбай Жээнбеков. Фото: Nezir Aliyev/Anadolu Agency/Getty Images

Сооронбай Жээнбековтің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева экс-президенттің елден "қашып кеткені" туралы сыбысты жоққа шығарды деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Стамалиеваның айтуынша, Жээнбеков қажылыққа аттанған. Ол жұбайымен Бішкектен Стамбулға қарай ұшқан. Әрі қарай Сауд Арабиясына барады.

Стамалиева экс-президент бұл сапарды 2020 жылдың қараша айынан бері жоспарланғанын, індетке байланысты шегеріліп келгенін хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда бұрынғы президент 10 күннен кейін қажылықтан оралады.

Айта кетсек, 2 ақпанда түстен кейін БАҚ бетінде экс-президенттің отбасымен елден кеткені хабарланған. Бұдан соң әлеуметтік желіде Жээнбековтің Қырғызстаннан "қашып кеткені" туралы сыбыс тараған.

Дәл осы күні Қырғызстан бас прокуратурасы ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет пен ішкі істер министрлігінен Жээнбековті 2020 жылғы қазан оқиғасы үшін жауапқа тартуды сұраған.

Ақпаратқа сүйенсек, қазан оқиғасынан зардап шеккендер "Қырғыз үміті" атты қозғалыс құрып, Сооронбай Жээнбековті бұрынғы президент мәртебесінен айыруды талап еткен.

Еске сала кетсек, Қырғызстандағы жаппай тәртіпсіздіктерден соң ел президенті болған Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда отставкаға кетті.

2021 жылдың 10 қаңтарында Қырғызстанда президент сайлауы өтті. Елдің Орталық сайлау комиссиясы ресми түрде Садыр Жапаровтың жеңіске жеткенін хабарлады.

Оған сайлаушылардың 79,2 пайызы дауыс берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1896947-sooronbaj-zeenbekovti-elden-kasyp-ketkeni-ras-pa-baspasz-hatsysy-zauap-berdi/

pixel