Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында білім басқармасының басшысы мен тағы екі шенеунік ұсталды

Жарияланған күні:

Қол қойып отырған ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

2 ақпанда Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова мен "Алматы облыстық білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар ғылыми-практикалық орталығының" басшысы Арапби Меңлібаевтың ұсталғаны белгілі болды деп хабарлайды "Время" басылымы.

Басылымның жазуынша, тергеу екі шенеунікті пандемия жағдайында кеңсе техникасын сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деп санайды.

Одан бөлек бұл істе Алматы облысы білім басқармасының күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Бақыт Абдолданованың есімі аталған.

Басылымның мәліметінше, тергеушілер осы үш адам топ құрып, қашықтан оқитын оқушыларға қажетті 2 522 ноутбукты сатып алу есебінен байыған деп санайды.

Басылым бірнеше жеке кәсіпкерлермен жалпы сомасы 406 млн теңге шамасында келісімшарт жасалғанын атап өтті.

Қазіргі таңда Меңлібаев, Омарова мен Абдолданова облыстағы үш уақытша ұстау изоляторында отыр.

Басылымның дерегінше, олардан техниканы жеткізушілерден "пара" ретінде алған 37,65 миллион теңге алынған.

Үш адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 366 бабы, 4 бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде.

Материалды "Издательство "Время" ЖШС рұқсатымен ғана көшіріп, пайдалануға болады.

Еске сала кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев өткен жылы пандемияға байланысты жүздеген қылмыстық іс тіркелгенін айтқан еді.

Оның сөзінше, соның тең жартысы – дағдарысқа қарсы бюджет қаржысын жымқыру әрекеті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1896949-almaty-oblysynda-bilim-baskarmasyny-bassysy-men-tagy-eki-seneunik-staldy/