Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Заңнан да, құдайдан да қорықпайды": Шпекбаев кей шенеуніктер жайлы сөз қозғады

Жарияланған күні:

Алик Шпекбаев
Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өткен жылы пандемияға байланысты жүздеген қылмыстық іс тіркелгенін атап өтті. Оның сөзінше, соның тең жартысы – дағдарысқа қарсы бюджет қаржысын жымқыру әрекеті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Шпекбаев агенттіктің алқа отырысында сөз етті.

"Пандемия кезінде халық билікке үміт артып, қамқорлық пен көмек күтіп отырғанда кейбір арсыз шенеуніктер мен топ-менеджерлер заңнан да, құдайдан да қорықпай, лауазымын қалтасын толтыру үшін пайдаланып, жүйелі түрде пара алды. Бюджет қаржысын жымқырды", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

Ол өткен жылы пандемияға байланысты 100 қылмыстық іс тіркелгенін жеткізді. Соның жартысы – дағдарысқа қарсы бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері, дейді Шпекбаев.

"Пандемия әлі де жалғасуда. Сод себепті біздің мақсатымыз – коронавируспен күреске бөлінген бюджет қаражатын одан ары қадағалау және қоғамдық бақылауға азаматтарды бұрынғыдан да көбірек жұмылдыру", - деп атап көрсетті Шпекбаев.

Осы орайда агенттік басшысы халықтың қайғы-қасіреті арқылы баю сатқындық пен адам өлтірумен тең екенін де жеткізді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Маңғыстау музыкалық драма театрының бұрынғы басшысына 14 миллион теңге айыппұл салынғанын жазған едік. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, Нұрнияз Мұханов 2 жыл бойы жұмыс істемейтін қызметкерге жалақы төлеген.

Сонымен қатар "Astana LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен қала әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбеков интерпол желісі бойынша іздестіріліп жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896399-zanan-da-kdajdan-da-korykpajdy-spekbaev-kej-seneunikter-zajly-sz-kozgady/