Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент экология министріне бірқатар тапсырма берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы уақыттағы жоспарлары туралы баяндалды деп хабарлайды Ақорда.

Мағзұм Мырзағалиев мемлекет басшысына биылғы өсімдік өсетін кезеңді сумен қамтамасыз ету мәселелері жайында айтты.

Министрдің сөзінше, биыл қардың аз түсуіне байланысты елімізде су тапшылығы болуы мүмкін.

Бұл ретте президент су арналарын цифрландыру жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Алдағы 5 жыл ішінде бүкіл республика бойынша 119 арнаны цифрландыру қажет.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаны жайында айтылды.

Мағзұм Мырзағалиевтің пікірінше, 10 жыл ішінде балық өндірісін 9 мыңнан 270 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бар.

Сонымен бірге президентке геологиялық барлау, экологиялық туризм және ұлттық парктердің жай-күйі туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министріне бірқатар нақты тапсырма берді.

Тоқаев Экология министрін қабылдады
Фото: Ақорда

Айта кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты да қабылдаған еді. Мемлекет басшысына сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізуге дайындық жұмыстарының барысы жайында баяндалған болатын.

Өз кезегінде президент азаматтардың және кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1896958-prezident-kologia-ministrine-birkatar-tapsyrma-berdi/

pixel