Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Тайхан Қалмаханов12
Тайхан Қалмаханов. Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды әкімінің жаңа орынбасары болып, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарған Тайхан Қалмаханов тағайындалды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, тағайындау конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде жүргізілген.

Тайхан Қалмаханов әкімнің орынбасары лауазымында құрылыс, сәулет және жер қатынастары мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Тайхан Қалмаханов 44 жаста. Үш жоғары білімі бар.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино университетін "режиссер, суретші мультипликатор" мамандығы бойынша, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "қаржы және құрылыс" саласы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын Қарағанды қаласы әкімдігінің жанындағы қалалық шаруашылық басқармасында жетекші маман болып бастаған.

2002 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.

Қалалық құрылыс, сәулет және абаттандыру басқармасында жұмыс істеген. "Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басқарған.

2014 жылдан 2016 жылға дейін Қарағанды әкімінің орынбасары болған.

Кейін Қарағанды облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1896978-bryn-karagandy-kimini-orynbasary-bolgan-seneunik-bl-kyzmetke-kajta-tagajyndaldy/

pixel