jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Джо Байденнің кабинеті АҚШ тарихындағы ең алуан түрлілер қатарына кірді

    Джо Байден
    Фото: Rick Loomis/Getty Images

    АҚШ президенті Джо Байден қызметіне кіріскен алғашқы күннен бастап өзінің жоспарларын жүзеге асыратын үкіметтегі маңызды лауазымдарға адамдар тағайындай бастады. Белгілі болғандай, Байденнің "ұжымы" алуан түрлілердің біріне айналды.

    Википедия энциклопедиясында үкімет мүшелерінің тізімі берілген. Біз олардың ең көрнекті өкілдерін қарастыруды ұсынамыз.

    Байден шенеуніктер қатарының алуан түрлі қылуға бейім екендігі Камала Харрис вице-президент болып сайланғаннан кейін айқын болды. Харрис вице-президент қызметін атқарған алғашқы әйел екенін айта кету керек. Ол – азиат түп-тамырлары бар қара нәсілді.

    Байденнің келуімен үкіметтегі көптеген шешуші рөл әйелдерге тиесілі болды. Мысалы, Джанет Йеллен қаржы министрлігін басқарды. 2014 жылы ол Федералды резервті басқарған алғашқы әйел болды.

    АҚШ ішкі істер министрлігін Деб Холланд басқарады. Оның түп-тамыры Американың байырғы тұрғындарынан бастау алады. Холланд лагуна пуэбло үнді тайпасына жатады.

    АҚШ Сенаты Аврил Хейнсті Ұлттық барлау директоры лауазымына тағайындады. Осылайша, ол АҚШ тарихында барлау қоғамдастығын басқарған алғашқы әйел болды. Обама әкімшілігі кезінде Хейнс ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің бас орынбасары және Орталық барлау басқармасы директорының орынбасары қызметтерін атқарды, сонымен қатар екі қызметті қатар атқарған алғашқы әйел болды.

    Мигель Кардона Білім министрі болды. Оның ерекшелігі – оның тұқымында латын америкалық тамырлар бар. Енді үкіметтегі алтын америкалықтар қатарында ішкі қауіпсіздік министрі Алехандро Мальоркас бар, сонымен қатар Хавьер Бесерраны денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрі болып бекітуі керек.

    Джо Байден Рейчел Левинді АҚШ денсаулық сақтау министрінің көмекшісі қызметіне ұсынды. Ол тарихта алғаш болып ресми түрде мойындалған трангендерлік шенеунік болды. 2012 жылы Левин өзінің паспортын және атын өзгертті, дегенмен 55 жыл бұрын оның аты Ричард болған.

    Пит Буттиджич – көлік министрі және ашық гей. 2015 жылдың маусым айында South Bend Tribune газетіне берген сұхбатында Буттиджич дәстүрлі емес сексуалдық бағдарлыққа ие екенін жариялады.

    Джо Байденнің кабинеті АҚШ тарихындағы ең алуан түрлілер қатарына кірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.