RU

Ұлттық банк Ресейге қарсы санкциялардың теңгеге қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты

Теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Ресейдегі жағдайдың теңгеге қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол теңге мен рубль бағамы арасында желілік болмаса да, байланыс бар екенін атап өтті.

"Ресейдің қазіргі кездегі санкциялық тәуекелдері ерекше және жергілікті валюта нарығына тікелей әсер етпейді. Алайда санкциялар риторикасының нашарлауының жалғасуымен, Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірінің валютасы - рубльдің әлсіреуі теңге бағамына кері әсер етуі мүмкін", - дейді Молдабекова.

Ұлттық банк басшысының орынбасары портфельдік инвесторлардың Ресей нарығынан қосымша кетуі жағдайында резидент еместердің бір бөлігі Қазақстанның қарыз нарығына келуі мүмкін екенін атап өтті.

Оның айтуынша, қаңтар айында шетелдік инвесторлардың ағымы байқала бастаған.

"ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарындағы резидент еместердің көлемі 191 миллиардқа өсіп, 604 миллиард теңгеге жетті (1,4 млрд АҚШ доллары). Халықаралық сарапшылар Қазақстанның қарыз және валюта нарығын оң бағалауды жалғастыруда және ставкалардың тартымдылығын және теңгенің сыртқы фонының жақсарғанын атап өтіп, ұлттық валютадағы активтерді сатып алуға ұсыныстар береді", - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа бірқатар нақты тапсырма берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897891-ulttyq-bank-reseige-qarsy-sankciyalardyn-tengege-qalai-aser-etui-mumkin-ekenin-aitty/