Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырма берді

Опубликовано:

Касым-Жомарт Токаев и Ерболат Досаев
Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына биылғы қаңтар айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, Ұлттық қордың алтын-валюта резервтері мен активтерінің жай-күйі туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік экономиканың қалпына қайта келу үрдістері, 2020 жылғы төлем балансын алдын ала бағалау, инфляция мен валюта айырбастау бағамының қазіргі жағдайы жайында ақпарат берілді.

Сондай-ақ Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты.

Президент кездесу қорытындысы бойынша Ұлттық банк басшысына бірқатар тапсырма берді.

Айта кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты да қабылдаған еді. Мемлекет басшысына сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізуге дайындық жұмыстарының барысы жайында баяндалған болатын.

Өз кезегінде президент азаматтардың және кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897115-tokaev-lttyk-bank-tragasyna-birkatar-tapsyrma-berdi/

pixel