Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Руслан Бекетаев қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Руслан Бекетаев
Руслан Бекетаев. Фото: primeminister.kz

Руслан Бекетаев қаржы вице-министрі қызметінен босатылды деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

"ҚР Үкіметінің Қаулысымен Руслан Бақытжанұлы Бекетаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген сайтта.

Руслан Бекетаев 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Әр жылдары Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының, Ұлттық банкінің, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің құрылымдарында, сондай-ақ қаржы полициясы мен Қаржы министрлігінің құрылымдарында түрлі лауазымдар атқарды. 

2014 жылғы шілдеден қазіргі уақытқа дейін Қаржы вице-министрі болды.

Еске сала кетсек, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ведомство өз қатарында сыбайлас жемқорлықпен қалай күреспек ниетте екенін айтқан еді.

Жамаубаев мемлекеттік кірістер қызметкерлері жалақының аздығына, әлеуметтік қауіпсіздікке және жоғары жауапкершілікке байланысты сыбайлас жемқорлыққа тап болатынын айтты. Оның сөзінше, мұндай қорытындыға сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентік келген.

Министрдің айтуынша, бұл жағдай тәжірибелі жұмысшылардың жеке секторға кетуіне алып келеді.

"Базалық жалақыға қосымшамен және бірыңғай форманы енгізумен сыныптық шендерді енгізу ұсынылады. Бұл шаралар жоғары білікті кадрлар мен сабақтастықты сақтауға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді", - дейді Қаржы министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897994-ruslan-beketaev-qarzy-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel