Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы министрі қызметкерлерінің не себепті пара алатынын айтты

Опубликовано:

Теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Үкімет отырысында сөз алған Қаржы министрі ведомство өз қатарындағы сыбайлас жемқорлықпен қалай күреспек ниетте екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік кірістер қызметкерлері жалақының аздығына, әлеуметтік қауіпсіздікке және жоғары жауапкершілікке байланысты сыбайлас жемқорлыққа тап болатынын жеткізді.

Оның сөзінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентік осындай қорытындыға келген.

Министрдің айтуынша, бұл жағдай тәжірибелі жұмысшылардың жеке секторға кетуіне алып келеді.

"Базалық жалақыға қосымшамен және бірыңғай форманы енгізумен сыныптық шендерді енгізу ұсынылады. Бұл шаралар жоғары білікті кадрлар мен сабақтастықты сақтауға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді", - дейді Қаржы министрі.

Ол бұл шаралар жоғары білікті кадрларды сақтауға және сабақтастықты сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәртебесін көтеруге және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге көмектесетініне сенімді.

Еске сала кетсек, елімізде мемлекеттік қызметкерлерге берілген сыйлықтардың аукцион арқылы сатылмастан бұрын қайда сақталатыны белгілі болған еді.

Мемлекеттік қызметкерлер берілген аулан түрлі сыйлықтар Нұр-Сұлтандағы қоймада сақтаулы тұр.

Олардың арасынан галстук, спорт киімі, шахмат, Капитолийдің мүсіншесі, кәдесыйлар секілді түрлі заттарды кездестіруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897980-qarzy-ministri-qyzmetkerlerinin-ne-sebepti-para-alatynyn-aitty/

pixel