Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мас күйде көлік айдаған: Павлодар облысында әкім орынбасары қызметінен кетті

Опубликовано:

Ануар Кантаев
Ануар Кантаев. Фото: gov.kz

Әкім орынбасарын қызметінен босату туралы бұйрыққа Шарбақты ауданының әкімі қол қойды және Әдеп жөніндегі кеңестің қорытындысы негізге алынды. Ануар Кантаев 10 ақпанда қызметінен босатылды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі Павлодар облысының мемлекеттік қызмет істері департаментіне сілтеме жасап.

Шарбақты ауданының басшысы шешім қабылдауын ұзаққа созбады. Жұмыстан шығару туралы бұйрыққа Әдеп жөніндегі кеңес шешім қабылдағаннан кейін бірден қол қойылды.

Бүгіннен бастап орынбасар ресми түрде қызметінен босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, Ануар Кантаевты өткен жылдың қараша айында полицейлер мас күйінде көлік жүргізіп келе жатқан жерінен ұстаған.

Сотта кінәсін мойындамаған шенеунік хаттама толтыру кезінде өзінің жұмыс орнын көрсетпепті. Алайда бәрі анықталған.

Нәтижесінде мемлекеттік қызметкер 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар, оған қатысты іс Әдеп жөніндегі кеңестің қарауына жіберілді.

Күні кеше өткен жиналыста Шарбақты ауданы әкімінің орынбасарын тыңдау мүмкін болмапты, өйткені ол үндемеген көрінеді. Осыған қарамастан кеңес мүшелері оны қызметінен босатуды ұсынған. Соңғы шешімді оның тікелей басшысы қабылдап, экс-шенеунік жұмысынан айырылды.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев қызметінен кеткені туралы хабарлаған едік.

Ол жұмыстан өз еркімен шыққан. Күмісқалиев екі жылдан астам уақыт ішкі саясат басқармасын басқарған. Облыстық әкімдік шенеуніктің жұмыстан шыққаны туралы ақпаратты растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898264-mas-kuide-kolik-aidagan-pavlodar-oblysynda-akim-orynbasary-qyzmetinen-ketti/

pixel