Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау әкімдігінен тағы бір шенеунік өз еркімен қызметінен кетті

Опубликовано:

Ержан Күмісқалиев
Ержан Күмісқалиев. Фото: lada.kz

Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев қызметінен кетті. Ол жұмыстан өз еркімен шыққан деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның жазуынша, Күмісқалиев екі жылдан астам уақыт ішкі саясат басқармасын басқарған.

Облыстық әкімдік шенеуніктің жұмыстан шыққаны туралы ақпаратты растады.

Ведомстовның мәліметінше, шенеунік өз еркімен жұмыстан шығу туралы арыз жазып, Мұнайлы ауданының әкімдігіне жұмысқа тұрған.

Еске сала кетсек, 8 ақпанда Маңғыстау облысы әкімдігінің екі бірдей лауазымды қызметкері өз еркімен қызметінен кеткен еді.

Олар өңірлік білім басқармасының бұрынғы басшысы Асқар Сейдалиев пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов.

Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымынан кетуіне не себеп болғаны хабарланған жоқ.

Сонымен қатар 8 ақпанда Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев қызметінен босатылды.

"ҚР үкіметінің қаулысымен Руслан Бақытжанұлы Бекетаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген премьер-министрдің ресми сайтында.

Сонымен бірге Әмірхан Рахымжанов Қазақстанның тұңғыш президенті кітапханасының директоры қызметінен ресми түрде босатылған еді.

Одан бөлек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 министрліктің жауапты хатшысын қызметінен босатқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898185-mangystau-akimdiginen-tagy-bir-seneunik-oz-erkimen-qyzmetinen-ketti/

pixel