RU

Навальныйдың әйелі Германияға ұшып барды: Неміс басылымдары себебін атады

Женщина в черной маске
Юлия Навальная. Фото: NATALIA KOLESNIKOVA/AFP via Getty Images

Ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальная 10 ақпан күні кешке Германияға ұшып барған. Немістің Spiegel басылымы оның келу себебін атады.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, олардың ресейлік әріптестері Навальная "қорыққандықтан Ресейді тастап кетті" деп санайды.

Алайда, олардың мәліметі бойынша, Ресей оппозиционерінің әйелі Германияға жеке сапармен келген.

Басқа мәліметтер әлі хабарланған жоқ.

Еске сала кетсек, кеше 23 қаңтарда Ресейдің бірнеше қаласында Алексей Навальныйдың жақтастары жаппай митингке шықты. Күштік құрылымдар заңсыз ереуілге шыққандарды бірден ұстап әкеткен.

Мәскеудегі Пушкинская алаңында наразылық көрсеткен Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальная да ұсталды.

Кейінірек Мәскеу соты Алексей Навальный ісі бойынша шешім шығарды. Ресейлік оппозиционер 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады.

Life Shot Telegram-каналының мәліметінше, саясаткердің үй қамағында және тергеу изоляторында отырған күндері есепке алынады.

Сондықтан ол колонияда 2 жыл 8 ай жазасын өтейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898386-navalnyidyn-aieli-germaniyaga-usyp-bardy-nemis-basylymdary-sebebin-atady/