RU

Алексей Навальныйдың әйелі Мәскеудегі алаңда ұсталды

Навальный әйелімен
Юлия Навальная мен күйеуі Алексей Навальный: instagram.com/yulia_navalnaya

Ресейлік БАҚ қамауға алынған саясаткер Алексей Навальныйдың жұбайы Мәскеудегі Пушкинский алаңында ұсталғанын хабарлады. Мұны Instagram парақшасына сурет салған Юлияның өзі де растаған.

"Сапасының нашар болғаны үшін кешіріңіздер. Автозакта жарық нашар", - дейді оппозиционердің әйелі.

Одан бөлек Юлияның құқық қорғаушылармен сөйлескен сәтінен видео да пайда болды.

Еске сала кетсек, Алексей Навальный Германиядан Ресейге оралды. Оппозиция өкілін бірден әуежайда қамауға алған болатын.

Алексей Навальныйдың ұсталғаны туралы ақпаратты Үкімдерді орындау жөніндегі федералдық қызмет (бұдан әрі ҮОФҚ) растады. Оппозиция өкілі әйелімен бірге Германиядан қайтып келе жатқан ұшақ Мәскеудің Шереметьево әуежайына қонған.

Айта кетсек, бүгін Ресейде Навальный жақтастарының жаппай ереуілі өтіп жатыр. Күштік құрылымдар заңсыз ереуілге шыққандары ұстап жатыр.

Хабаровск пен Владивостокта ереуілшілерді жаппай ұстап жатыр. Сонымен бірге Магадан мен Оңтүстік Сахалинскте де митингтер өтуде.

Deutche Welle порталының жергілікті дереккөзіне сілтеме жасап жазуынша, арнайы жасақ сарбаздары адамдарды жаппай ұстап, қала көшелерін жауып жатыр.

Ереуілшілер "Ресей азат болады", "Біз біріксек жеңілмейміз" деген ұрандар айтуда.

Ал Мәскеудегі Пушкинская алаңы митинг басталуына бірнеше сағат қалғанда толық қоршалған.

Сонымен бірге Навальныйды қолдау акциясы тек Ресейде емес, әлемнің ондаған мемлекетінде болатыны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895301-aleksej-navalnyjdy-jeli-mskeudegi-alada-staldy/