Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік депутаттардың Қазақстан территориясы туралы айтқан сөзіне елші түсініктеме берді

Жарияланған күні:

Алексей Бородавкин
Алексей Бородавкин. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Ресей депутаттарының Қазақстанның аумақтық тұтастығы туралы айтқандарына түсініктеме берді.

Отандық журналист "Хабар 24" арнасының эфирінде дипломатқа Ресейдің кей депутаттарының Қазақстанға қатысты айтқан пікірін қалай түсіндіретіні туралы сұрақ қойған.

Бұған Бородавкин жағдайды "драматизациялағым келмейді" деп жауап берді. Алайда бұл мәселе бойынша өзінің ресми ұстанымы бар екенін жеткізді.

"Мен бұл орынсыз мәлімдемелер Ресейдің ресми ұстанымына қайшы келетінін атап өтемін. Елдер арасындағы шекара шартпен бекітілген. Ол бүкіл ұзындығы бойынша бөлінеді. Ресей-Қазақстан күн тәртібінде аумақтық талаптар мүлдем жоқ. Мұндай мәселелер талқыланбайды", - деді Бородавкин.

Дипломат сонымен қатар Ресей Қазақстанның тәуелсіздігі мен территориясының тұтастығын құрметтейтінін атап өтті.

Еске сала кетсек, Вячеслав Никонов "Большая Игра" шоуының эфирі кезінде "Қазақстанның территориясы - бұл Ресей мен Кеңес өкіметі тарапынан берілген үлкен сый" деп айтты.

Қазақстандықтар ресейлік саясаткердің бұл мәлімдемесіне бірден наразылықтарын білдіріп, оның сөзімен келіспейтіндерін жарыса жазған.

Отандастырымыз шенеуніктің Instagram парақшасын тауып алып, онда оған өз пікірлерін қалдырды.

Ашуға булыққан желі қолданушылары Никоновқа міндетті түрде тарихты оқып шығу керектігін жазып жатыр.

"Тарихты оқығаныңыз абзал болар" , "Екіге оқыған сияқты ғой" , "Тарихшы сымақ" , "Менің атам 43 жылы өз өмірін не үшін және кім үшін берді?" , "Сіздің азулы мәлімдемелеріңіз - арзан популизм" , - деп жазуда қалың көпшілік.

Сонымен қатар Вячеслав Никоновтың айтқанына қатысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі жауап берген болатын.

Олар ресейлік депутаттың айтқанына байланысты оған нота жіберді.

Сонымен қатар, Қазақстанның сенат депутаты, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресей Федерациясы думасының депутаты Вячеслав Никоновтың арандатушылық сөзіне қарсы пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898391-reseilik-deputattardyn-qazaqstan-territoriyasy-turaly-aitqan-sozderine-elsi-tusinikteme-berdi/