RU

Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс берілді

Фото
Фото: Елорда Инфо

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің орынбасары Бақтияр Мәкенді қоластындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін жазалады деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламада әкімнің орынбасары тағайындалғаннан бері елеулі жұмыс атқарғаны және жетекшілік ететін бірнеше саладағы негізгі индикаторлар жақсарғаны айтылады: үш ауысымдағы мектептер саны екі есеге – 8-ден 4-ке дейін, тығыздалған режиммен 22-ден 14-ке дейін қысқартылған.

"Пандемия кезінде қысқа мерзімде жедел штаб құрылды. 43 мыңнан аса адам әлеуметтік көмек алды. Аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін бірқатар әлеуметтік орталық ашылды, онда олар "бір терезе" қағидаты бойынша көмек ала алады, сонымен қатар қосымша білім алып, кейіннен жұмысқа орналаса алады. Бұдан басқа, ПТР-зертханалардың саны 1-ден 23-ке дейін ұлғайтылды, ПТР-тестілерді өңдеу уақыты 4-5 күннен 4 сағатқа дейін қысқартылды. Сондай-ақ, жұмысты құру және еріктілерді қолдау және т. б. бойынша елеулі жұмыс жүргізілді. 

Әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан жұмыстардың жоғары тиімділігі мен нәтижелілігін, сондай-ақ қылмыстық іске қатыспауын ескере отырып, Бақтияр Мәкеннің отставкасы қабылданған жоқ. Алайда оған қатаң сөгіс жарияланды, - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтан әкімі халыққа есеп беру кездесуі кезінде Тәуелсіздік пен Керей және Жәнібек хандар көшелерін байланыстыратын көпір қашан пайда болатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898572-nur-sultan-akiminin-orynbasaryna-qatan-sogis-zariyalandy/