Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев бірқатар елдегі жаңа елшілерді тағайындады

Опубликовано:

Елші1
Көрнекі фото: piqsels.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдегі төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

Президент өкімімен:

Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстанның Армения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстанның Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстанның Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстанның Италия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстанның Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстанның Бразилия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстанның Бразилия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстанның Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Samruk Business Forum отандық тауар өндірушілерді қолдау форумына қатысқанын жазған болатынбыз.

Президент бұл форумның отандық бизнес өкілдері мен "Самұрық-Қазына" қоры үшін маңызды басқосу екенін атап өтті.

Атап айтқанда, жалпы сомасы 67 миллиард теңгеге тікелей офф-тейк немесе алдын-ала жасалған келісім-шарттар мен стратегиялық келісімдерге қол қойылған. Президент қордың жұмысына оң баға берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898641-toqaev-zana-elsilerdi-tagaiyndady/

pixel