"Еліміздің салт-дәстүріне қарсы": Тоқаев Әулие Валентин күні туралы қандай пікірде
Жарияланған күні:
Президенттің баспасөз хатшысы өзінің Facebook парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2017 жылы Twitter желісінде Әулие Валентин күніне қатысты жазған жазбасын жариялады. Сол кезде Тоқаев парламент төрағасы қызметін атқарған еді.
Берік Уәлидің сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы төрт жыл бұрын жазған.
"Әулие Валентин күні" Батыстан келген еліміздің болмысына және салт-дәстүріне мүлдем қарсы болып тұрған ұғым. Жастарымыз оны түсіну керек", - деп жазған Тоқаев 2017 жылдың 14 ақпанында.
Желі қолданушыларының басым көпшілігі президенттің сөзін қолдап, бұл ойды құп көрген.
Еске сала кетсек, Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі фотосын жариялаған болатын.
Суреттер Қазақстан президенті баспасөз хатшысының Instagram және Facebook парақшаларында жарияланған.
"1979 жыл. Подмосковьедегі сенбілік. Бұл кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген болатын", - делінген жазбада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898875-elimizdin-salt-dasturine-qarsy-toqaev-aulie-valentin-kuni-turaly-qandai-pikirde/