Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таза ауаны көргенде жаның қуанады": Сағынтаев Алматы экологиясы туралы не дейді

Опубликовано:

сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: kstnews.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев есеп беру кездесуінде қаладағы экологияны жақсарту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгін таңертең оянып, жұмысқа шығып, тау жаққа қарадым. Күн жарқырап, ауа таза болып, бәрі көрініп тұр. Өз айналаңдағы ауаның таза болғанын көргенде жаның қуанады. Күн сайын ауа райы осындай болғанын қалайсың. Бұл үшін үлкен бағдарламалар қабылданып жатыр. Бізді үкімет, президент, Елбасы да қолдайды. ЖЭО-2-ні газға ауыстыру туралы шешім қабылданды", - дейді Сағынтаев.

Оның сөзінше, биыл жобалық құжаттар дайын болады. Жыл сайын екі қазандықтан газға ауыстырып, 2025 жылдың соңына қарай ЖЭО-2-ні газға ауыстыруды толық аяқтау жоспарланып отыр. Мұның жағымды әсерін 2022 жылдың соңына таман байқауға болады.

"Біз осы мәселені үнемі бақылап, бастамаға қолдау көрсеткен қала тұрғындарына алғыс айтамыз. Екінші мәселе транспортпен байланысты. Біздің ауамызды көбірек не ластайтыны туралы көп дауластық. 60 пайыздан астамы транспорт, 30 пайызға жуығы ЖЭО-2, қалғаны өндірістер, жеке үйлер және т.б. деп есептелді.

Бізде 500 мың көлік тіркелген, қалаға тағы 250 мың көлік кіреді. Қатаңдатылған карантин кезінде қалаға кіруге тыйым салынған уақытта қаншама көліктің, жұмыс күштерінің қала сыртында қалғанын көрдік.

Қазір жолдарды кеңейту мәселесін қарастыра бастадық. Егер Талғар тас жолы екі жолақты болса, оны төрт жолақты етуді жоспарлап отырмыз. Қаскелең тас жолын да кеңейту жоспарда бар. Сонымен бірге Талғардан Халық Аренаға дейін электричканы іске қосу мәселесін қарастырып жатырмыз. Бұл Қаскелеңге де қатысты", - дейді қала басшысы.

Сондай-ақ ол мегаполисте ауа сапасына мониторинг жасайтын станциялар орнатылғанын атап өтті.

"Экология - бұл маңызды бөлік, тым болмаса бұрынғы қалпын қайтару үшін бірлесе күресеміз деп ойлаймын", - дейді Сағынтаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1899402-taza-auany-korgende-zanyn-quanady-sagyntaev-almaty-ekologiyasy-turaly-aitty/

pixel