Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы қолжетімді үйлер салуға қатысты тапсырма берді

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында қолжетімді үйлер салуға қатысты тапсырма берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Президенттің Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысындағы сөздерін Ақорданың ресми Twitter парақшасы жария етті.

Отырыста қолжетімді үй мәселесін көтерген мемлекет басшысы тұрғын үйлерді "Нұрлы жер" бағдарламасындағы бағамен сатып алуға мүмкіндік беретін тәсілді сөз етті.

"Қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасау керек. Соған сәйкес, тұрғын үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасындағы бағамен сатып алынады", - деді президент.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев отырыста мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін көтергенін жазған едік. Президент барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету керектігін алға тартқан.

Одан бөлек, мемлекет басшысы студенттердің стипендиясына қатысты мәселеге тоқталып өткен. Отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ендігі кезекте кімдердің стипендиясын көтеру керектігін айтып берген.

Сонымен қатар, отырыста шетелдіктерге жерді сатуға заң жүзінде біржола тыйым салынғанын мәлімдеді.

"Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет", - деген президент бұл жайтқа қатысты қандай нақты шешімдер қабылдағанын да жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1900780-toqaev-qolzetimdi-uiler-saluga-qatysty-tapsyrma-berdi/

pixel