Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен қазақпын, қырғыз – туысқаным": Жапаров Тоқаевпен кездесуде поэмадан үзінді оқыды

Опубликовано:

Садыр Жапаров пен Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Қырғызстан президенттерінің алғашқы ресми кездесуі өтіп жатыр деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Бүгін 28 қаңтарда ресми түрде Қырғызстан президенті болған Садыр Жапаров Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапарымен ұшып келді. Қырғызстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Өз кезегінде, Қырғызстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанға мемлекеттік сапармен шақырғанына ризашылығын білдірді. Садыр Жапаров екі ел арасындағы қарым-қатынастардың терең екенін сипаттай отырып, қазақтың белгілі ақыны Жұбан Молдағалиевтің сөздерін еске алды.

"Мен қазақпын, қырғыз ол – туысқаным,

Бірге тартқан тарланның құйысқанмын.

Анамыз да қара көз бір қыз, бәлки,

Бөліп берген егізге уыс нанын", – деп қазақ ақынының поэмасынан үзінді келтірді Садыр Жапаров.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз байланыстары арасында дәстүрлі достықтың бар екеніне, сондай-ақ, Қырғызстан – еліміз үшін тек одақтас мемлекет қана емес, бауырлас мемлекет екенін жеткізді.

"Бұл дәстүрді жоғары бағалаймыз. Алдымызда тұрған міндетіміз осы дәстүрді жалғастыру, нығайту. Сондықтан бүгінгі келіссөздердің маңызы зор", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кеткен жөн, Қазақстан президенті Садыр Жапаровтың президент ретінде алғашқы мемлекеттік сапарын Қазақстаннан бастағанының маңызы зор екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1901564-men-qazaqpyn-qyrgyz-tuysqanym-zaparov-toqaevpen-kezdesude-poemadan-uzindi-oqydy/

pixel