Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыз президенті Садыр Жапаров Қазақстанға ұшып келді (фото)

Опубликовано:

Жапаров Қазақстанда2
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді деп хабарлайды еліміздің сыртқы істер министрлігі ресми Telegram-каналында.

"Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қырғыз көшбасшысын әуежайдан еліміздің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді күтіп алды.

Жапаров Қазақстанға келді2
Фото: Сыртқы істер министрлігі

СІМ мәліметінше, сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ мемлекеттік сапар мәртебесіне сәйкес протоколдық іс-шаралар жоспарланған.

Сонымен қатар Садыр Жапаров Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізеді.

Жапаров елордаға ұшып келді2
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Садыр Жапаров Қазақстанда11
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті Қазақпарат агенттігіне берген сұхбатында Орталық Азия мемлекеттеріне сапарын ең алдымен Қазақстаннан бастау себебін айтқан еді.

Садыр Жапаровтың сөзінше, Қырғызстан президенті болып сайланғаннан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқылардың бірі болып шақырған.

"Сонда сөз бердім. Орталық Азия мемлекеттері арасында ең алдымен Қазақстанға бара жатқанымның себебінің бірі де сол. Екінші, біз қазақ-қырғыз - бір туған, көршілес елміз. Бізді екі мемлекеттің көптеген мүдделері біріктіріп тұр. Сондықтан бір туған, бауырлас елге сапармен бара жатырмын", - деген еді ол.

Жапаровтың айтуынша, сапар барсында бірқатар келісімдерге, екі мемлекеттің арасында болып жатқан мәмілелерге қол қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1901501-qyrgyz-prezidenti-sadyr-zaparov-qazaqstanga-usyp-keldi-foto/

pixel