Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Бақытжан Нарымбетов
Бақытжан Нарымбетов. Фото: instagram.com/batys_kz

Батыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы келді деп хабарлайды ведомство Instagram парақшасында.

"Кадрлық тағайындау "100 нақты қадам" – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес Президент Әкімшілігінің келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы – 1986 жылы дүниеге келген.

Білімі - жоғары. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2012 жылы Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Әр жылдары:

  • БҚО Орал қаласы әкімі аппараты ақпараттық талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас инспекторы;
  • БҚО Орал қаласы әкімі аппараты ақпараттық талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы;
  • БҚО Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы;
  • БҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы;
  • БҚО әкімі аппараты стратегиялық даму бөлімінің басшысы;
  • БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы;
  • Қоғамдық даму министрлігі, азаматтық қоғам істері Комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2019 жылдың қаңтарынан бері Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалған еді. Бұл қызметке Бекбол Орынбасаров келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1902569-batys-qazaqstan-oblysy-akiminin-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel