Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат қос азаматтығы бар қызметкерлерді жұмыстан шығаруды ұсынды

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

Сенатор Нұржан Нұрсипатов құқық қорғау органдарындағы қос азаматтығы бар қызметкерлерді жұмыстан босатуды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Депутат Еңбек кодексі мен "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңға енгізілген түзетулер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолданылмайтынын атап өтті. Олардың салалық заңдарында мұндай нормалар мүлдем жоқ.

"Біздіңше, қабылданған шаралар одан әрі жүйелі және дәйекті дамытуды қажет етеді. Сонымен қатар, еліміздің құқық қорғау қызметі туралы, әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі, арнаулы мемлекеттік органдары туралы салалық заңдарда шет мемлекеттің азаматтығы қызметтен шығару үшін дербес негіз ретінде қаралмайды", - деді Нұржан Нұрсипатов.

Сенатор сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкері өзі не отбасы мүшелерінің бірі өзге елдің азаматтығын алуға шешім қабылдағаннан бастап басшылығын хабардар етуі тиіс.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында екі азаматтығы бар мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндер үшін жауапкершілікті күшейту туралы ұсыныс жасаған еді.

"Қазақстан екі азаматтыққа тыйым салған көптеген елдердің қатарында. Мұндай норма біздің Конституциямызда бар. Алайда, соңғы кездері біз мемлекеттік қызметкерлер арасында да қос азаматтығы бар фактілерді жиі тіркей бастадық.

Бұған белгілі себептер бойынша жол беруге болмайды. Бұл ұлттық қауіпсіздікке қатысты болғандықтан, аталған мәселе өте маңызды. Мұндай фактілердің алдын алу керек", - дейді Тоқаев.

Сонымен бірге мемлекет басшысы өткен жылғы жолдауында екі азаматтығы анықталса квазимемлекеттік ұйымдардың жетекшілерін, мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан шығаруды тапсырғанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1903959-deputat-qos-azamattygy-bar-qyzmetkerlerdi-zumystan-sygarudy-usyndy/

pixel