Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Әлімжанов басшылық қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Нұрлан Әлімжанов
Нұрлан Әлімжанов. Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Мәжілістің бұрынғы депутаты, актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл ақпаратты елорданың мәдениет басқармасының баспасөз қызметі растаған.

"Иә, рас. Бүгіннен бастап тағайындалды", - деді басқармадағылар.

Еске сала кетсек, Нұрлан Әлімжанов 2019 жылы мәжіліс депутаты болып сайланған еді.

Ол 1984 жылы 29 сәуірде дүниеге келген. Белгілі театр және кино әртісі, сазгер, орындаушы, тележүргізуші.

"Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдаған. 2013 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алды.

2021 жылы 10 қаңтарда мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. Алайда Нұрлан Әлімжанов төменгі палатаның жаңа құрамына енген жоқ.

Ал актерге дейін Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасын Нұрлан Сыдықов басқарған болатын. Ол 2021 жылы қаңтарында бес жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу барысында шенеуніктің мердігерден 10 миллион теңге пара алғаны анықталды.

Сыдықов мәдениет басқармасының басшысы болып 2019 жылы тамызда тағайындалды. 2020 жылы маусымда оның қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады.

Айта кетсек, бұған дейін белгілі әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" МКҚК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1904152-nurlan-alimzanov-bassylyq-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel