Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Түркістанда түркілерге ортақ сәулет нысанын салуды ұсынды

Опубликовано:

Түркістан
Фото: turantv.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда түркілерге ортақ сәулет нысанын салуды ұсынды деп хабарлайды Ақорда.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті барысында айтты.

Оның сөзінше, қазіргі заманда гуманитарлық және академиялық ықпалдастықтың өзектілігі артып келеді.

"Іргетасы орта ғасырда қаланған Түркістан шаһары археологиялық және ғылыми тұрғыда әлі толық зерттелген жоқ. Сондықтан ТҮРКСОЙ мен Түркі академиясының Түркістан өңірінде археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге баса мән беруі өте орынды. Мұнан бөлек, тамырластық символы ретінде Түркістанда халықтарымызға ортақ сәулет нысанын салсақ құба-құп", - деді мемлекет басшысы.

Сонмыен қатар саммит кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркі тілдес мемлекеттердің экономикалық аймағын құруды ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1905639-toqaev-turkistanda-turkilerge-ortaq-saulet-nysanyn-saludy-usyndy/

pixel