Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Коменданттық сағат енгізіледі": Макрон Францияда жалпыұлттық локдаун жариялады

Опубликовано:

Эммануэль Макрон
Эммануэль Макрон. Фото: Thierry Monasse/Getty Images

Франция президенті Эммануэль Макрон сәрсенбіде қатаң шектеулер туралы жариялап, ел коронавируспен күресу жолында "жаңа бағыт" ұстануы керектігін айтты. Оның сөзінше, әйтпесе вирустың таралуын "бақылаудан шығарып алу" қаупі бар деп хабарлайды CNN.

Францияда ұлттық локдаун алдағы сенбіде басталып, кем дегенде бір айға созылады.

Елде коменданттық сағат енгізіледі. Мемлекет ішіндегі сапарларға шектеу қойылып, азаматтарға үйде жұмыс істеу ұсынылады.

Макронның айтуынша, балабақшалар мен бастауыш және орта мектептер кем дегенде үш апта жабық болады.

Макрон коронавирустың ұлыбританиялық штамы "эпидемияның ішінде эпидемия тудырғанын" және ол аса жұқпалы екенін әрі өлімге әкеп соқтыратынын баса айтты.

Сонымен қатар ол қарқынды терапия бөлімшелеріндегі коронавируспен ауыратын науқастардың 44 пайызға жуығы 65 жасқа дейінгі адамдар екенін атап өтті.

Дегенмен Франция президентінің COVID-19-дың қазіргі толқынына байланысты қабылдап жатқан шараларын сынға алғандар да табылған.

Мәселен президент әкімшілігі осы уақытқа дейін француз ғылыми кеңесінің кеңестеріне қарсы шығып келеді. Олардың ойынша, ұлттық қатаң шектеулердің орнына аймақтық шектеулерді енгізген дұрыс.

Сейсенбідегі жағдай бойынша Франция ауруханаларында коронавирус жұқтырған 28000-нан астам адам емделуде. Оның ішінде 5 072-і қарқынды терапия бөлімдерінде ем алуда екен.

Биыл қарқынды терапия бөлімдерінде науқастардың саны алғаш рет 5000-нан асқан, мұндай көрсеткіш Францияда соңғы рет өткен жылдың сәуірінде тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1905701-komendanttyq-sagat-engiziledi-makron-franciyada-zalpyulttyq-lokdaun-zariyalady/

pixel