Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызметінен кетті

Опубликовано:

Нұрлыбек
Фото: primeminister.kz

Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда әкімі қызметінен кетті. Енді ол премьер-министр кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаратын болады. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.

"Премьер-министрдің өкімімен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады", - делінген сайтта.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Ресей президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында "Казахойл-коммерция" ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2005–2007 жж. — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2007-2008 жж. — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 2008-2013 жж. — Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жж. — Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі. 2021 жылғы 1 сәуірден бастап премьер-министрі кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Еске салсақ, бұған дейін премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалғанын жазған едік. Премьер-министрдің өкімімен Олжас Әбдімомынұлы Жұмағұлов премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1905930-qyzylorda-akimi-qyzmetinen-ketti/

pixel