Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Олжас
Фото: primeminister.kz

Олжас Жұмағұлов премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Премьер-министрдің өкімімен Олжас Әбдімомынұлы Жұмағұлов премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Олжас Жұмағұлов 1990 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Америкалық университетті, Лондон экономика мектебін, Лондонның Корольдік колледжін бітірген.

2013-2016 жж. Қазақстан Экономика және сауданы дамыту министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды.

2016-2018 жж. Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2018 жылғы ақпаннан шілде айының аралығында Қазақстан Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі болды.

2018-2019 жж. — Қазақстан премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі. 2019 жылдың тамыз айынан — Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі.

Еске салсақ, бұған дейін Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалғаны туралы жазған едік. Ақмола облысы әкімінің өкімімен, президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Көкшетау қаласының әкімі болып Ғайса Бауыржан Сейітқалиұлы тағайындалды.

Ғайса Бауыржан Сейтқалиұлы 1972 жылы Көкшетау облысы Куйбышев ауданында дүниеге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1904721-premer-ministr-kensesi-bassysynyn-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel