Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенімімді ақтамадыңыз!": Ақтөбе қаласының әкімі жиында жол жөндеушілерді сынға алды

Опубликовано:

Асхат Шахаров
Фото: izsambo.ru

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров қаладағы жолдарды жөндейтін мердігерлермен кеңес өткізді. Әкім олардың жұмысын қатаң сынға алды деп хабарлайды "Диапазон".

Ақтөбе тұрғындары жолды жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты реніштерін білдіріп, әлеуметтік желілерде шұңқырға толы жолдардың суреттерімен бөліскен. Еріген су жақында ғана жөндеуден өткен жолдарды шайып әкеткен екен.

Соңғы жиында әкім мердігерлердің жұмысын қатаң сынға алды.

"Тағы да айтамын: сіздер менің сенімімді ақтамадыңыздар! Мемлекет бұл қызметті сіздерден, жол жұмысшыларынан сатып алды. Сіздер бұл наразылықтардың барлығын экономикалық шиеленістен әлеуметтік шиеленіске айналдырып жатырсыздар. Бірталай сын-пікірге тап болдық. Кейбіріңізбен күштік тұрғыдан сөйлесетін боламын, себебі сіздер келісімшарттық міндеттемелеріңізді орындамай отырсыздар", - деді Асхат Шахаров мердігерлерге.

Қала әкімі жосықсыз мердігерлерді сотқа беретінін ескертіп, жол зертханасынан жолдардың сапасын бақылауда ұстауды талап етті.

Жол
Фото: diapazon.kz

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда сапасыз интернеттің жырына жол азабы қосылған ауыл тұрғындары шу шығарғанын жазған едік.

Одан бөлек, ШҚО-да алты миллион теңгеге жуық қаржыға салынған әжетханалар қаңырап тұрғанын жазған болатынбыз. Көпшіліктің талқысына түскен әжетханалар Катонқарағай ауданында салынған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1907100-senimimdi-aqtamadynyz-aqtobe-qalasynyn-akimi-ziynda-zol-zondeusilerdi-synga-aldy/

pixel