Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоғанды диктатор ретінде сипаттаған премьер-министрдің басы дауға қалды

Опубликовано:

Режеп Тайып Ердоған
Режеп Тайып Ердоған. Фото: Chris J Ratcliffe/Getty Images

Италия премьер-министрі Марио Драги Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды диктатор деп сипаттағаннан кейін Түркия Италияның Леонардо компаниясынан тікұшақ сатып алуды тоқтатқан. Бұл туралы La Repubblica басылымына сілтеме жасаған Lenta.ru хабарлайды.

Басылым атап өткендей, дипломатиялық арналар арқылы жасалған түсініктемелер Түркия үкіметінің көңілінен шықпай отыр сондықтан олар Италиядан Марио Драгидің сөздері үшін ресми түрде кешірім сұрауды талап етуде.

"Римнен жауап келмегендіктен, түрік билігі қауіп төндіретін белгілер бере бастады", – деп жазады La Repubblica басылымы.

Айт кетейік, бұған дейін Италия премьер-министрі Марио Драги Түркия басшысын диктатор ретінде сипаттаған болатын. Алайда ол Ердоғанмен арада ынтымақтастықтың қажет екенін жасырмаған еді. Оның пікірінше, мұндай саясаткерлермен қарым-қатынаста дұрыс тепе-теңдік ұстану керек.

Осыдан кейін Италияның Анкарадағы елшісі Массимо Гаяни Түркия сыртқы істер министрлігіне шақырылып, одан премьер-министрдің сөзін түсіндіруді сұраған.

Өз кезегінде Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Драгидің мәлімдемесін сынға алып, Ердоғанды халық сайлағаннан кейін қызметіне кіріскенін баса айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ердоғанның Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келетіні хабарланған еді.

Алайда кейін Түркия президентінің келмейтіні хабарланды жиын коронавирус індетіне байланысты онлайн форматта өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1907418-erdogandy-diktator-dep-atagan-premer-ministrdin-basy-dauga-qaldy/

pixel