Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы ғылым саласының қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, Қазақстан ғарыш технологиясын игеруге белсенді араласа беретінін айтты.

"Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор.

Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет.

Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы – әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент адам өміріне араша түсіп, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жүрген медицина қызметкерлеріне алғыс айтқан болатын.

"Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Қазіргідей қиын кезеңде денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысы–адамзат өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пандемияның алғашқы күнінен бастап медицина қызметкерлері адам өміріне араша түсіп, коронавирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр.

Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі–жалпыұлттық басымдық. 2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есеге көбейді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін", - дейді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1907479-memleket-bassysy-gylym-salasynyn-qyzmetkerlerin-tol-merekesimen-quttyqtady/

pixel