Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін

Опубликовано:

Тоқаев1
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Twitter парақшасында адам өміріне араша түсіп, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жүрген медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.

"Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Қазіргідей қиын кезеңде денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысы–адамзат өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пандемияның алғашқы күнінен бастап медицина қызметкерлері адам өміріне араша түсіп, коронавирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр.

Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі–жалпыұлттық басымдық. 2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есеге көбейді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, президент 6 сәуір күні Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырған еді. Бұл туралы мемекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Оның сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер болмаған.

"Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді", - дейді Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906797-toqaev-azamattardyn-densaulygyn-qorgaudagy-zankesti-enbegi-usin-darigerlerge-rizasylygymdy-bildiremin/

pixel