Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев әкесі қайтыс болған Түркіменстан президентіне көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердымухамедов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердымухамедов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

"Әкеңіздің жарқын бейнесі жақындары мен барша отандастарының жүрегінде жақсы адам, дана ұстаз және өмірін Отанына қалтқысыз қызмет етуге арнаған шынайы патриот ретінде мәңгілік сақталады. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, сізге және барша жақын туыстарыңызға осындай қиын сәтте сабыр мен төзім тілеймін", – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мяликгулы Бердымұхамедовтің 89 жасқа қараған шағында өмірден өткенін хабарлаған едік.

Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат елдің мемлекеттік ақпараттық агенттігінің сайтында пайда болды.

Айта кетейік, Мяликгулы Бердымұхамедов 25 жылдай уақыт ішкі істер министрлігінде қызмет еткен. 1982 жылы ол подполковник шенімен зейнеткерлікке шығып, бірнеше жыл бойы оқытушы болған.

Ел үкіметінде қызмет етіп, жеміс-көкөніс шаруашылығы министрлігінде әкімшілік-шаруашылық бөлімін басқарған және сол жерде азаматтық қорғаныс мәселелерін қадағалаған.

Түркіменстандағы әскери бөлім мен мәдениет үйі оның есімімен аталады.

2013 жылы Ашхабадтағы № 1001 Түркіменстан ІІМ әскери бөлімінің ғимараттар кешені аумағында оның мүсіні орнатылған.

Жеті мәрте мемлекеттік наградамен, "Ішкі әскерлердегі қызметіндегі айырмашылығы үшін" төсбелгісімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1908549-toqaev-akesi-qaitys-bolgan-turkimenstan-prezidentine-konil-aitty/

pixel