Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркіменстан президентінің әкесі өмірден өтті

Опубликовано:

Мяликгұлы Бердымұхамедов
Мяликгұлы Бердымұхамедов. Фото: tdh.gov.tm

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің әкесі Мяликгулы Бердымұхамедов 89 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болғаны туралы ақпарат елдің мемлекеттік ақпараттық агенттігінің сайтында жарияланды.

Айта кетейік, Мяликгулы Бердымұхамедов 25 жылдай уақыт ішкі істер министрлігінде қызмет еткен.

1982 жылы ол подполковник шенімен зейнеткерлікке шығып, бірнеше жыл бойы оқытушы болған.

Түркіменстандағы әскери бөлім мен мәдениет үйі оның есімімен аталады.

Еске сала кетсек, 18 сәуірде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері, театр және кино актрисасы Ғазиза Мәкешқызы Әбдінәбиева өмірден өтті.

Қаралы хабар туралы режиссер Асхат Маемиров әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның мәліметінше, танымал актриса коронавирустан көз жұмған.

Сонымен қатар, 16 сәуірде қазақтың аса көрнекті ақыны, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушановтың қайтыс болғаны хабарланды.

Сонымен бірге, таяуда еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Нұрикамал Сейітжанова 72 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Нұрикамал Сейітжанова ақын Ханбибі Есенқарақызы мен композитор Тұрдықылыш Ізтайдың "Нұрикамал" әнін жазуына арқау болған.

Одан бөлек, 5 сәуір күні Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Қабдеш Жұмаділовтің өмірден өткені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908505-turkimenstan-prezidentinin-akesi-omirden-otti/

pixel