Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент бизнестің жұмысына заңсыз араласатын қызметшілерге қатысты тапсырма берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марат Ахметжанов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марат Ахметжанов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Марат Ахметжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа президенттің 16 сәуірде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы жайында баяндады.

Сонымен қатар ол агенттік қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне бейімдеу жұмыстарына дайындау туралы айтты.

Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістерін жаңғырту, жұмыс барысында жіберілетін қателіктерді қасақана жасалған қылмыстардан ажырата білу қажеттігіне, сондай-ақ, кінәлі адамды қылмыстың барлық құрамы болған кезде ғана жауапқа тарту керектігіне тоқталды.

Бұдан бөлек кәсіпкерлердің құқығын қорғауға, бизнестің жұмысына заңсыз араласатын және көлеңкелі айналымға қамқорлық көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қатаң қарауға қатысты міндеттер жүктеді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы агенттікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы озық тәжірибені зерделеу және мемлекеттік органдардың қызметін тиісінше үйлестіру бөлігінде халықаралық ұйымдармен тығыз жұмыс істеуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Еске сала кетсек, 16 сәуірде Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы қызметінен босатылып, оның орнына Марат Ахметжанов тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1908605-prezident-biznestin-zumysyna-zansyz-aralasatyn-qyzmetkerlerge-qatysty-tapsyrma-berdi/

pixel