RU

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: Бішкек тұрғындары митингке шықты (видео)

Қырғызстан
Видеодан кадр: 24.kg

Дипломаттар қырғыз-тәжік шекарасындағы мәселені шешуге тырысып жатқан кезде Бішкектегі үкімет ғимаратының алдында митинг өтуде. Оған 500 шақты адам жиналған деп хабарлайды 24.kg.

Акция қатысушылары үкімет үйінің алдында биліктен өздеріне қару беріп, мемлекет мүддесі үшін Баткен облысына жіберуін сұраған.

Сондай-ақ жиналғандар әскерилерге қақтығыс аймағында қару қолдану туралы бұйрық беруді талап еткен.

Үкімет аппаратының жетекшісі Жеңісбек Асанқұлов митингке қатысушыларға Бішкектің Октябрь ауданының әскери комиссариатына барып, шекара жанжалын шешуге көмектескісі келетін еріктілердің тізімін жасауды ұсынды.

Кейбіреулері автобусқа отырып, әскери комиссариатқа барған. Басылымның жазуынша, қарулы қақтығыстың аяталғаны туралы келісімге қарамастан, әлі де оқ даусы естіліп тұр.

Еске сала кетсек, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 1-2 мамыр күндерін ұлттық аза тұту күндері деп жариялады.

2021 жылдың 29-30 сәуірі аралығында Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс салдарынан бірнеше адам қаза тапқаны атап өтілді. Зардап шеккендердің арасында бейбіт тұрғындар да, әскерилер де бар.

Қарулы қақтығыс салдарынан бейбіт тұрғындардың және заңды тұлғалардың мүлігі айтарлықтай зақымдалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1910713-qyrgyz-tazik-sekarasyndagy-qaqtygys-biskek-turgyndary-mitingke-syqty-video/