Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"15 миллион теңге сыйақы": Денсаулық сақтау министрлігі депутаттың сөзіне жауап берді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігі депутаттың министрліктегі шенеуніктер пандемия кезінде миллиондаған сыйақы алып жатқаны туралы мәлімдемесіне жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство сыйақылардың заңға сәйкес, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы "Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес төленетінін айтты.

"Осы орайда, 15 миллион теңге көлемінде төленген сыйақы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев айтқан фактінің денсаулық сақтау министрлігіне ешқандай қатысы жоқ", – дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін депутат Азат Перуашев денсаулық сақтау министрлігінің пандемия кезіндегі жұмысын сынға алған болатын.

"Біздегі министрліктің шенеуніктері өздеріне 15 миллион теңгеден сыйақы жазады", – деген еді ол мәжіліс отырысында.

Сонымен қатар мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов "МӘМС қорының басшылығына берілген 19 млн теңге сыйақыға" шүйліккен еді. Оның айтуынша, 2019 жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығындары 5,8 млрд теңгеден асқан.

"Егер МӘМС қорының қолжетімді қаржылық есептілігін зерттейтін болсақ, МӘМС басқармасының төрт мүшесіне шамамен 77 млн теңге – әрқайсысына 19 млн теңгеден сыйақы төленген. Сондықтан да МӘМС басқарма төрағасы өз жалақысын жариялаудан бас тартқан шығар", – дейді Жамалов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1911371-15-million-tenge-syiaqy-densaulyq-saqtau-ministrligi-deputattyn-sozine-zauap-berdi/

pixel