RU

Министрлік президент жұмыстан босатқан шенеунікті "тағайындағаны" үшін кешірім сұрады

Сайранбек Бармақов
Сайранбек Бармақов. Фото: primeminister.kz

Өткен айда бұған дейін президент қызметінен босатқан Сайранбек Бармақовтың "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалғаны туралы ақпарат таратылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл жаңалықты "түсініспеушілік" деп атады деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

"Автомобиль жолдары комитетінің бұрынғы төрағасы тағайындалғаны туралы жаңалықтарға қатысты түсінбеушілік туындады. Кешірім сұраймыз.

Сайранбек Бармақов "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалмады. Бұл жұмыс орны бос", – деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев.

Естеріңізге сала кетейік, 20 сәуірде мемлекет басшысы баспасөз хатшысы Берік Уәли Сайранбек Бармақов Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы мен жөнделуі кезінде бақылауды әлсіреткені үшін" қызметінен босатылғанын айтқан болатын.

Бірнеше күннен кейін, 23 сәуірде, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Сайранбек Бармақовты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындау туралы ақпаратты жариялады.

Айта кеткен жөн, Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалған еді. Бұл лауазымға Серік Құсайынов келді. Ол жақында мәдениет вице-министрі атанған Ерлан Қожағапановтың орнына тағайындалды.

Бұған дейін Серік Құсайынов Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі болып қызмет еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1912197-ministrlik-prezident-zumystan-bosatqan-seneunikti-tagaiyndagany-usin-kesirim-surady/