Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Түркістанда өзіне ескерткіш қою туралы идеяға қалай қарады: Айдос Үкібай пікір білдірді

Опубликовано:

Елбасы
Фото: Елбасы

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзіне ескерткіш орнату сынды сыйлықтарды мүлдем ұнатпайды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

Айдос Үкібайдың айтуынша, Елбасы бұл идеяны және осыған дейін көтерілген өзге де бастамаларды қолдаған жоқ.

Оған ескерткіш орнату, сәулет нысанының атауын өзгертумен байланысты мұндай "сыйлықтар", әсіресе бұл "сыйлықтар" жергілікті шенеуніктер ұйымдастырса мүлдем ұнамайды, деді Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы.

Ол Нұрсұлтан Әбішұлының мұндай көңіл аударулардың қажет еместігін сан мәрте мәлімдегенін еске салды.

"Кейде кейбір адамдар әдейі ақпараттық шу тудырғысы келетіндей әсер қалдырады. Тарихта ол өз атын жаңа жобаға беруге келіскен бір ғана жағдай болды. Бұл - университет пен зияткерлік мектептер", - деді Айдос Үкібай.

Елбасының баспасөз хатшысы сонымен қатар Астана күні, Тұңғыш Президент күні және өзге де атаулы даталар ең алдымен адамдар, еліміздің азаматтары үшін мейрам екендігіне баса назар аудартты.

"Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтеді және де барлығымыз үшін басты сыйлық ескерткіштер немесе атау өзгерту емес, халқымыздың бірлігін, тұрақтылығын, әл-ауқаты мен гүлденуін сақтауға бағытталған жүйелі іс-шараларды сапалы жүзеге асыру болуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, оның еңбегінің ең үздік ескерткіші – бұл жарқын болашаққа ұмтылатын, ілгері ойлай білетін жастар, бұл заманауи елордасымен, өз Отанын шынайы сүйетін азаматтарымен гүлденіп келе жатқан Қазақстан", - деді Нұрсұлтан Әбішұлының баспасөз хатшысы.

Еске сала кетсек, осыған дейін ТҮРКСОЙ ұйымы бас хатшысының орынбасары Біләл Чакыджы Түркістан қаласында тұңғыш перзидент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынған болатын.

Бұл туралы ғалым "Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы: интеграция және ынтымақтастық перспективалары" атты онлайн жиында мәлімдеді.

Аталған конференцияны Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1914784-nazarbaev-turkistanda-ozine-eskertkis-qoyu-turaly-ideyaga-qalai-qarady-aidos-ukibai-pikir-bildirdi/

pixel