Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ДДС ассамблеясының сессиясында видеоүндеу жасады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев1
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-ші сессиясының жабылуында видеоүндеу жасады деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

24 мамыр мен 1 маусым аралығында өтіп жатқан сессияға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 194 мемлекеттің делегаттары қатысып жатыр. Сессияның негізгі тақырыбы – "Қазіргі пандемияның аяқталуы және алдағы індеттердің алдын алу: тиімді, қауіпсіз әрі бейбіт әлемді бірлесіп құру".

Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының сессиясы бүкіл әлем 1,5 жылдан бері коронавируспен күресіп жатқан аса күрделі кезеңде өтіп отырғанына назар аударды.

Президенттің пікірінше, коронавирус ұлттық денсаулық сақтау жүйелері мен көпжақты институттар үшін теңдессіз сынақ болды.

"Ғаламдық дағдарыс кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық мүше мемлекеттермен белсенді қарым-қатынас жасады. Ұйым өзінің біліктілігімен, бастамашылдығымен, мол тәжірибесімен дамушы және дамыған елдердің індетке қарсы күресіне басшылық етті. Ол ғалымдардың ғылыми жаңалықтар ашуына ұйытқы болды. Сонымен қатар мұқтаж жандар үшін қажетті ресурстарды жұмылдыруды шұғыл ұйымдастырды", – деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының айтуынша, Ассамблеяның қазіргі қызметі жасампаздық пен ұжымдық жауапкершілікке негізделген болашақ бағыт-бағдарымызды айқындауға жақсы мүмкіндік береді.

Тоқаев кешегі мен бүгінгінің ауыр сынақтарынан сабақ алып, ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустің ұсынысын толық қолдайтынын айтты. Бұл ұсыныстар ДДСҰ-ны реформалауға және оны қуатты, тиімді әрі қаржылық тұрғыдан дербес халықаралық деңгейдегі ұйым ретінде трансформациялауға бағытталған.

Президент өз үндеуінде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің маңыздылығына, атап айтқанда, 2018 жылғы Астана декларациясын ілгерілету мәселесіне тоқталып өтті.

Тоқаевтың пікірінше, пандемия алғашқы медициналық-санитарлық көмектің кез келген жұқпалы ауруға тиімді төтеп беретін негізгі тетік бола алатынын айқын көрсетіп берді. Осы ретте мемлекет басшысы ДДСҰ-мен бірлесіп ұйымның Алматы қаласындағы Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі аймақтық бюросын күшейтуге ниетті екенін жеткізді.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ДДСҰ мақсаттары мен қағидаттарын сөзсіз қолдайтынын тағы бір мәрте нақтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1915337-toqaev-dds-assambleyasynyn-sessiyasynda-videoundeu-zasady/

pixel