Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Жас буынның балалық шағы бақытты өтуіне жағдай жасау – стратегиялық міндет

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

"1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-ші сессиясының жабылуында видеоүндеу жасағанын жазған едік.

Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының сессиясы бүкіл әлем 1,5 жылдан бері коронавируспен күресіп жатқан аса күрделі кезеңде өтіп отырғанына назар аударды.

Президенттің пікірінше, коронавирус ұлттық денсаулық сақтау жүйелері мен көпжақты институттар үшін теңдессіз сынақ болды.

"Ғаламдық дағдарыс кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық мүше мемлекеттермен белсенді қарым-қатынас жасады. Ұйым өзінің біліктілігімен, бастамашылдығымен, мол тәжірибесімен дамушы және дамыған елдердің індетке қарсы күресіне басшылық етті. Ол ғалымдардың ғылыми жаңалықтар ашуына ұйытқы болды. Сонымен қатар мұқтаж жандар үшін қажетті ресурстарды жұмылдыруды шұғыл ұйымдастырды", – деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1915391-memleket-bassysy-zetkinsekterdi-xalyqaralyq-balalardy-qorgau-kunimen-quttyqtady/

pixel