Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израиль үкіметін 12 жыл басқарған Нетаньяху қызметінен кетті

Опубликовано:

Биньямин
Фото: РИА Новости / Евгений Биятов

13 маусым күні Израильде 23 наурыздағы сайлаудан кейін құрылған жаңа үкімет бекітілді. Елдің премьер-министрі де ауысты, 12 жыл үкіметті басқарған Биньямин Нетаньяху бұл қызметтен кетті. Үкіметтің жаңа басшысы Нафтали Беннет болды деп хабарлайды ТАСС.

Кнессет (Израиль парламенті) баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кнессеттің 60 депутаты жаңа үкіметті қолдап дауыс берсе, 59-ы қарсы болған, ал біреуі дауыс беруден бас тартқан.

Осылайша, сайлаудан кейін "Ямина" партиясының жетекшісі Нафтали Беннет премьер-министр атанды. Ол елдің 13-премьер-министрі ретінде ант қабылдады.

Онымен бірге тағы 28 министр мен алты министрдің орынбасары ант қабылдаған. Беннет парламентті екі жыл басқарады деп күтілуде.

Ал парламенттің жаңа спикері "Еш атид" партиясының өкілі депутат Мика Леви болған.

РИА Новости нақтылағандай, "Ликуд" партиясының көшбасшысы Биньямин Нетаньяху парламенттік оппозицияның жетекшісі болады. Ол үкіметті 12 жылдан астам уақыт басқарды.

Еске салсақ, бұған дейін танымал ресейлік дипломат, БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Сергей Орджоникидзе "Хабар" телеарнасында көрсетілген мемлекет басшысы туралы "Преодоление" атты деректі фильмнің екінші бөлімінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломат ретіндегі негізгі қасиеттері туралы сөз қозғағанын жазған едік.

Орджоникидзенің, сөзінше, оппоненттер әрдайым оның сұрақтарды сарапшылар деңгейінде қоя білетін өте білімді адам екенін бетпе-бет жүздесу барысында бірден түсінеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1917446-netanyaxu-12-zyldyq-bassylyqtan-keiin-izrail-premer-ministri-qyzmetinen-ketti/

pixel